Атырау қаласындағы «Мұнайшы» орталық бассейнінде он жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға жексенбі күні болған.
Сағат 17:15-те Атырау облысы полиция бөлімінің жедел кезекшісіне Атырау қаласы, С.Мұқанов көшесі, 5, «Мұнайшы» орталық бассейні мекенжайынан қоңырау түскен. Өз бетінше жүзіп жүрген Ш.Н есімді келуші суға батып кеткен, – деп жазылған хабарламада.
Балм 2014 жылы туған.