Атыраудағы модульдік ауруханада соңғы үш айда 88 сәби дүниеге келді

20 Шілде 2021, 17:18
3255
Бөлісу:
Атыраудағы модульдік ауруханада соңғы үш айда 88 сәби дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраудағы модульдік ауруханада наурыздан бері 88 нәресте дүниеге келген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мағжан Сиджановтың айтуынша, модульдік аурухананың инфекциялық стационарында коронавирус жұқтырған 195 науқас ем қабылдауда.

Биылғы наурыздан бері ауруханада 88 сәби дүниеге келді. Сәбилерден алынған коронавирус инфекциясына қарсы ПТР-тест теріс нәтиже берді. Алайда, жүкті әйелдерде қауіпті вирусты жұқтыру қаупі жоғары екені байқалып отыр. Сондықтан, өмірге сәби әкелуді жоспарлап жүрген немесе жүкті әйелдерге өздерін қауіпті инфекциядан барынша қорғауға шақырамын, - дейді №2 облыстық аурухананың директоры Мағжан Сиджанов.

Қазір таңда модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 87 жүкті, 10 босанған әйел мен жаңа туған 7 нәресте жатыр.

Өзгелердің жаңалығы