Атыраудағы концерт залының ғимараты сүрілетін болды

Он жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған Атыраудағы концерт залының ғимараты сүрілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

13 Наурыз 2023 2023, 19:52
АВТОР
 Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі 13 Наурыз 2023 2023, 19:52
13 Наурыз 2023 2023, 19:52
1345
Фото: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Он жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған Атыраудағы концерт залының ғимараты сүрілетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласындағы 1200 орындық концерт залының құрылысын инвестициялық жобамен жандандыру мәселесі қарастырылуда. Аталған нысанның техникалық жағдайына сараптама жүргізу нәтижесінде металды және темірбетонды конструкциялардың жарамсыздығы туралы қорытынды берілді.

Толықтай сүріледі, орнына қайтадан жаңа  концерт залы тұрғызылатын болады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жанына мұражай салынады. Қазір «BI Group» компаниясымен эскиздік жобасы жасақталып жатыр. Барлығы арнайы дайындалып жатқан жобадан кейін белгілі  болады. Сол аумағы қала ма, жоқ па, ол да нақтыланып жатыр, - деді облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Н.Құсайынов.

Наверх