Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган "Open Space" аясында кезекті кездесу өткізді, онда қатысушылар жолаушыларды автобустармен тасымалдау қызметтері нарығында туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.
Талқылауға салалық мемлекеттік органдардың, "Смарт Атырау" КММ, "Атырау ӘКК" АҚ және "Alga Bus" ЖШС, "Atyrau Avtopark" ЖШС, "Akzhaiyk-Avtopark" ЖШС, "Авто-Мобиль" ЖК, "Лава Транс" ЖШС, "Асахи" ЖК, "Кабдрахманов" ЖК, "Ануарбек Транс" ЖШС және "Магдиева"ЖК өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға, адамдардың жекелеген санаттарына көлік қызметтеріне, тегін жол жүру құқығын қоса алғанда, жеңілдіктер белгілеу кезінде ЖАО-мен өтемақысын өтеуге, сондай-ақ автобус аялдамаларына кіру қалталары мен жол белгілерін орнату қажеттілігі, олар жоқ жерлерде автобус аялдамаларын орнату, айналма қозғалыс орындарында және бұрылыстарда жаяу жүргіншілер өткелдерінің дұрыс орналаспауы, карточкалық төлем мен электрондық билеттеудің таралуының артуы (көрсеткіштердің 100% - ға артуы) туралы проблемалық мәселелерді көтерді.
Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды бәсекелестік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге белсенді қатысуға шақырады. Open Space ашық талқылаулар форматында әр жұма күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін онлайн-режимде жосықсыз бәсекелестікке, тауар нарығына қолжетімділікті шектеуге, мемлекеттік/ квазимемлекеттік сатып алуға байланысты өзекті мәселелер, нарық субъектілерінің немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау жағдайлары және бәсекелестікті өзге де шектеулер талқыланады.