Атыраудағы арнайы қабылдау бөлімінде қамауда отырған ер адам қайтыс болды

Атырау полициясының арнайы қабылдау орнында ер адам көз жұмды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:37
Бүгiн 2026, 11:37
219
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Атыраудағы полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

29 наурызында Атырау қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында 55 жастағы ер адамның мәйіті табылған.

Өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Өзге ақпарат тергеу мүлдесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Атырауда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап кеткені хабарланды. 

Наверх