Атыраудағы апат. Маңғыстау энергия торабы энергиялық жүйемен синхрондалды

3 Шілде 2023, 21:00
850
Бөлісу:
Атыраудағы апат.  Маңғыстау энергия торабы энергиялық жүйемен синхрондалды
Фото: Энергетика министрлігінен

3 шілдеде сағат 18.23-те «МАЭК» ЖШС жылу электр станциясында жүктемесі 130 МВт болатын № 1 энергия блогы апатты жағдайда ажыратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс энергия торабында генерацияның күрт істен шығуына байланысты электр желісінің жиілігі 48,6 Гц-ке дейін төмендеді. Осыған байланысты Маңғыстау және Атырау энергия тораптары оқшауланған жұмысқа бөліп шығарылды. Сол себепті Атырау ЖЭО, Karabatan Utility Solutions бу-газ қондырғысы, Қаламқас және ТШО газ станциялары оқшауланған жұмысқа бөліп шығарылды, - делінген Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға және елді мекендердің бір бөлігіне шектеулер енгізілді.

Сағат 19.22-де Атырау энергия торабы Батыс энергия торабымен синхрондалды.

Сағат 20.36-да Маңғыстау энергия торабы энергиялық жүйемен синхрондалды, шектеулер алынып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы