Атырауда жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді

Атырау облысында үшемдердің дүниеге келуі сирек кездеседі. Соңғы рет мұндай жағдай 2024 жылы тіркелген.

 Атырау қ. Денсаулық сақтау басқармасы 23 Ақпан 2026, 16:18
23 Ақпан 2026, 16:18
403
Фото: Атырау қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 2026 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Қуанышты оқиға Мақат ауданының 29 жастағы тұрғынының отбасында тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сәбилерге ата-анасы Қымбат, Сымбат және Қарақат деп есім берген.

Бұған дейін аталған отбасында бір ұл және екі қыз тәрбиеленіп келген. Үшемнің дүниеге келуімен шаңырақтағы бала саны алтыға жетті. Үшем сәбилер 1 921 грамм, 2 275 грамм және 2 204 грамм салмақпен, бойлары 44–45 сантиметр болып дүниеге келді. Қазіргі уақытта сәбилердің де, анасының да жағдайы жақсы, - деп хабарлады Атырау қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Айта кету керек, Атырау облысында үшемдердің дүниеге келуі сирек кездеседі. Соңғы рет мұндай жағдай 2024 жылы тіркелген.

Жалпы, 2025 жылы Атырау облысында 13 906 сәби дүниеге келген. 

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте үшем дүниеге келгенін хабарладық. Сондай-ақ, Алматыда үшем дүниеге келді.

Қостанай облысында да үшем туды. Сондай-ақ, Шымкентте Димаш, Дәулет, Дина есімді үшемдер туған болатын. 

Наверх