Атырауда "Жусан" операциясымен елге оралған әйелдер маска тігуде

2 Сәуір 2020, 02:46
5285
Бөлісу:
Атырауда "Жусан" операциясымен елге оралған әйелдер маска тігуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Атырауда "Жусан" операциясы бойынша елге оралған әйелдер тегін медициналық маска тігіп таратуда.

ҚазАқпараттың мәліметінше, бұл игілікті жұмыс "Шапағат" деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен жүзеге асырылуда. Мұндағы мақсат – төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсету. Сонымен қатар балалар мен қарттар үйіне және аз қамтылған отбасылар мен қала тұрғындарына жәрдемдесу.

Қазір бұл бастамаға 15-ке жуық әйел жұмылдырылған. Олар күніне 300 медициналық маска тігіп, халыққа таратады.

Құранда бір-бірлеріңе жақсылықта көмектесіңдер деп жазылған. Сол үшін, бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін деп көмек ретінде осындай іс атқарудамыз. Материалын айтар болсам, мақта матадан тігіліп жатыр. Бұл маскаларды бірнеше рет жуып қайта пайдалануына болады, - дейді аталмыш қоғамдық қордың қызметкері Перизат Еркебай.


Өзгелердің жаңалығы