Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда 2019 жылдың аяғына дейін 8426 жол белгісі қайта жаңартылады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазірдің өзінде жұмыс жоспарының жартысынан астамы орындалып, бөлінген қаржыға 5000-нан астам жол белгілері жаңартылды. Сонымен қатар, биыл қала орталығындағы мектептер алдына жаяу жүргінші белгілері қойылып,арнайы жолақтар сызылды."Бұл өз кезегінде, жол қауіпсіздігін қаматамасыз етіп қана қоймай, ата-аналардың уайымсыз болуына жасалып жатқан жағдай. Осыған дейінАтырау қаласындағы 40-тан астам мектептің алдына «жаяу жүргіншілер жолы» салынды. Осы бағыттағы жұмыстар енді қала маңындағы ауылдық округтердің мектептерінде де жалғасады. Біздің мақсат –оқушылардың жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын-алу", - дейді қалалық ТКШ және АЖ бөлімінің өкілі Нұрлыбек Бітімбасов.