Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау-Доссор тас жолында адам өмірін қиған жол апаты болды. 52 жастағы азаматтың басқаруындағы «КаМАЗ» жүк көлігі мен «Ваз-21015» автокөлігі соқтығысып қалды, деп хабарлады «Ақ жайық» газеті.
Жеңіл көліктің тізгінінде болған 17 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты.
Атырау облысы полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.