20 мамыр Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 133 шақырымында Toyota Ipsum көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салдарынан Toyota өртеніп кеткен, жүргізушісі мен 3 жолаушысы қаза тапқан. Екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Тергеп-тексеру басталды.
Қаза тапқандардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әзірге тек Өзбекстан елінің азаматтары екендігі ғана белгілі. Toyota көлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама толтырылған. 8 хаттама жол қозғалысы кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырғаны және екі хаттама қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін толтырылғаны белгілі болды, - деді Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының командирі Әділбек Шахметов.