Атырауда демалыс күндері жеке көлікпен жүруге қатаң тыйым салынды

5 Шілде 2020, 16:42
1538
Бөлісу:
Атырауда демалыс күндері жеке көлікпен жүруге қатаң тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда демалыс күндері жеке көлікпен жүруге қатаң тыйым салынды, деп хабарлады Атырау облысының коронавируспен күрес жөніндегі шұғыл штабы.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 және 6 шілде аралығында Атырау қаласында және облысында жеке көлікпен жүруге қатаң тыйым салынады, - делінген хабарламада.

Көлік қозғалыстарына әр сенбі, жексенбі күндері қойылатын шектеу шаралары 2020 жылдың 19 шілдесіне дейін жарамды.

Айта кетейік, атыраулықтарға 23:00-ден кейін үйлерінен шығуға да тыйым салынған.  


Өзгелердің жаңалығы