Атырауда Жайық өзенінің деңгейі су тасқыны басталғалы алғаш рет төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ТЖ жөніндегі жедел штаб таратқан мәліметке сүйенсек, 1 маусым күні сағат 20.00-де Жайық өзеніндегі су деңгейі 1 см-ге төмендеді (1 маусым сағат 8.00 салыстырғанда).
- Индербор ауылы -3 см, су деңгейі - 938 см, шекті деңгейі - 845 см;
- Махамбет ауылы -2 см, су деңгейі - 1012 см, шекті деңгейі - 850 см;
- Атырау қаласы -1 см, су деңгейі - 599 см, шекті деңгейі - 550 см;
- Жаңаталап ауылы -0 см, су деңгейі - 431 см, шекті деңгейі - 500 см;
- Еркінқала ауылы -0 см су деңгейі - 388 см, шекті деңгейі - 450 см.