Атырау облысындағы тасжолдың бойында орын алған жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.
4 ақпанда сағат 15:30 гамасында Ақтөбе–Атырау–Астрахань республикалық маңызы бар автожолдың 873 шақырымында Volvo маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігіне соғылды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Өкінішке қарай, жол апаты қайғылы жағдаймен аяқталды.
Салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртеніп, 1964 жылы туған жүргізуші мен 1965 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сәйкес құжаттарды жинау жүргізіліп жатыр, - деп пікір білдірді полиция.