Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №15 қаулысына өзгерістер енгізілді.
Қаулыға келесідей өзгерістер енгізілді.
- Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізіледі.
Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, субъектілер Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізеді және пайдаланады. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
- Вахталық әдіспен жұмыс істейтін барлық компания мен өнеркәсіптік кәсіпорындар келесі талаптарды қамтамасыз етеді:
1) ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, №68 қаулыларының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде орындауды;
2) эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың бар-жоғына қарамастан басқа өңірлерден Атырау облысына вахтаға келетін адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша COVID-19-ға ПТР тестілеу (қорытындыны берген күннен бастап 5 тәуліктен аспайтын).
3) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған кәсіпорындардың қызметкерлерін вахтаға кірер кезде оқшаулаусыз COVID-19-ға ПТР тестілеу. Вакцинация алмаған адамдар COVID-19-ға ПТР тестілеуге және 7 күн оқшаулауға жатады.
4) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметкерлері вахтадан шығатын кезде COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын алғаны туралы құжаты болғанда клиникалық белгілер болмаған кезде COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілмейді.
5) ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 қаулысында көрсетілген объектілер/ұйымдар саласында қызметті жүзеге асыратын, вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындардың вакцина алмаған қызметкерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вахтаға келгенге дейін 7 күн оқшаулау және COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі болған кезде міндетті ПТР тестілеуден босатылады.
6) өндірісті қамтамасыз етуге тартылған көлік құралдарының және өнеркәсіптік кәсіпорынның аумағынан тұрақты тұратын жеріне жеткізуге жататын персоналды, қызметкерлер мен өндірістің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік тауарларын, жануарлардан алынатын тауарларды, дәрілік заттарды, дәрі-дәрмектерді, құрылыс материалдарын, ЖЖМ тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілері, шұғыл медициналық көмек көрсететін жағдайда 72 сағат ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинация немесе COVID-19-ға теріс ПТР тестілеу нәтижесі болған кезде өнеркәсіптік объектінің аумағына жіберіледі.
7) COVID-19-бен сырқаттанған науқаспен қарым-қатынаста болған (жақын қарым-қатынаста) адамдар вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаты болған жағдайда аурудың клиникалық белгілері болмаса оқшауланбайды және зертханалық тексерілмейді. Вакцина алмаған, жақын қарым-қатынаста болған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар адамдар 14 күн оқшаулауға жатады.
8) вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындардың COVID-19 диагнозымен стационардан шығарылған қызметкерлері тіркелген сәттен бастап 14 күнге дейін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін (14 күн) кәсіпорындардың карантиндік стационарларында қосымша оқшаулауға жатады.
9) вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының №25 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру.
- сауда үйлері мен СОО (павильондар, бутиктер), сауда желілері – жұмыс күндері ғана сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 30%-ынан аспайды) жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
- қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорталарға, оның ішінде жазғы алаңдарға сағат 07.00-ден сағат 12.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 17.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын белгілей отырып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауға тиіс), сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салумен (сағат 24.00-ге дейін тамақ жеткізу бойынша жұмысқа рұқсат етіледі). Асханалардың қызметі - жұмыс күндері сағат 07.00-ден сағат 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (ұйымдастырылған ұжымдардың асханаларын қоспағанда).
- «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, барбер шоптар, объектілер алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден бастап сағат 17.00-ге дейін (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен), сенбі және жексенбі күндері жұмысқа тыйым салынады;
- «Ashyq» жобасына қатыспайтын спорт кешендерінің, фитнес орталықтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, спорттық және тренажер залдарының қызметі тоқтатылады.
«Ashyq» жобасына қатысатын спорт кешендері, фитнес орталықтары, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, спорттық және тренажер залдары 07.00-ден сағат 17.00-ге дейін (толтырылуы 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50%-ынан аспайды), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
- «Ashyq» жобасына қатыспайтын сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, моншалардың қызметі тоқтатылады.
«Ashyq» жобасына қатысатын сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, моншаларға– алдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (толтырылуы 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен объектінің сыйымдылығының 50% - ынан аспайды), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
- жеке, топтық дайындықтарды, театрларды, концерт залдарын, филармонияларды қоса алғанда, мәдениет объектілері жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын кинотеатрлардың қызметі жұмыс күндері 09.00-ден сағат 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады, «Ashyq» жобасына қатыспайтын кинотеатрлардың қызметі тоқтатылады.
- «Ashyq» жобасына қатыспайтын компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулингтердің қызметі тоқтатылады.
«Ashyq» жобасына қатысатын компьютерлік клубтар, караоке, бильярд, боулингтер жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатумен, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Қаулы 2021 жылғы 27 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.