Атырауда зейнеткерді тонаған жігіт қамалды

30 Шілде 2021, 05:14
984
Бөлісу:
Атырауда зейнеткерді тонаған жігіт қамалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілдеде  сағат 12:00 шамасында 71 жастағы зейнеткерді тонап кеткен.

Белгісіз ер адам зейнеткерді жерге құлатып, телефонын тартып алған. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті азаматты ұстады. Күдікті Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір зейнеткерді тонаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Өзгелердің жаңалығы