Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлға ұсталды

26 Қыркүйек 2022, 18:18
1233
Бөлісу:
Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлға ұсталды
PHOTO

Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлға құрықталды ҚМА Атырау облысы бойынша департаменті моншада заңсыз «покер» құмар ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА баспасөз қызметі мәлімдегендей, ойыншылар 50 000 тенге тігу арқылы фишка алып немесе қаражаты болмаған жағдайда карта шотына ақша аудару және ойыншаларды қызықтыру үшін қарызға ойнауға мүмкіндігін берген. 

Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлға ұсталды

Бұдан басқа, жалдамалы пәтерде де «покер» ойынын ұйымдастырыру қылмыстық әрекеті әшкереленді.

Сот үкімімен аталған тұлға қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. 

ҚМА көлеңкелі экономика саласы, соның ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен күрес бойынша белсенді жұмысын жалғасытыратын болады.

Өзгелердің жаңалығы