Индербор кентінің «Көктем» ықшамауданында төрт 48 пәтерлік тұрғын үйді тұрғындарға табыстау салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев ауыл тұрғындарын қоныс тойымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.
Пәтер алғандар қатарында 106 – көп балалы отбасы, 69 – халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы, 17-сі – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар.