Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда төрт адамнан тұратын отбасы із-түзсіз жоғалып кетті

Бүгiн, 17:15
206
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына Атырау қаласының тұрғыны жүгініп, бір айдан астам уақыт бойы ағасы мен оның отбасының қайда екені белгісіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған.

Атырауда төрт адамнан тұратын отбасы із-түзсіз жоғалып кетті

Қазіргі уақытта олардың жүрген жерін анықтау үшін полиция барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Іздеу жұмыстарына басқа өңірлердің полицейлері де бағдарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік өңірлеріне қарай бет алған болуы мүмкін, - дейді Атырау облыстық полиция департаменті.

Аталған азаматтардың қайда жүргені туралы қандай да бір мәліметі бар адамдардан құқық қорғау органдарына 98-20-78, 98-20-88 нөмірлері арқылы хабарласу сұралады.

Өзгелердің жаңалығы