Атырауда тағы да бір үйдің екі баласы суға кетті

Бөлісу:
Атырауда тағы да бір үйдің екі баласы суға кетті
Фото: скрин

Атырау қаласында тағы екі бала суға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға бүгін күндізгі сағат 3-тер шамасында қала маңындағы Құрманғазы ауылы тұсында болған.

Төтеншеліктердің айтуынша, екеуі бір үйдің баласы. Сүңгуірлер 7 жасар ұл баланың денесін тапты. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар 9 жасар қыз баланы іздеп жатыр. Балалардың туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.

Өзгелердің жаңалығы