Атырауда тағы бір дәрігер коронавирустан көз жұмды

19 Шілде 2020, 21:05
2383
Бөлісу:
Атырауда тағы бір дәрігер коронавирустан көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. 18 шілде күні №4 қалалық емхананың рентгенолог-дәрігері Нариман Ақпанов қайтыс болды. Бұл Атыраудағы коронавирустан қайтыс болған бесінші медицина қызметкері, деп жазды Ақжайық басылымы.

Бүгін оның әріптестері отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан қазанама жариялады. Дәрігердің неден қайтыс болғаны туралы ресми хабарланған жоқ, бірақ оның пневмониямен ауырғаны, кейін ПТР-тест COVID-19-да оң нәтиже көрсеткені туралы ақпарат бар.

Нариман Зұлпыхарұлы көп жылдар бойы біздің №4 емханада еңбек етті. Өзінің терең білімі мен біліктілігін науқастарды емдеуге арнады. Оның өткір әзілі мен адами парасаттылығы, әділдікті ту етіп, өз позициясын қорғай білуі қасиеті біз үшін әрдайым үлгі болатын, - деп жазды марқұмның әріптестері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавируспен күресіп жүріп атыраулық төрт дәрігер қаза тапты. Олардың үшеуі - №2 облыстық аурухананың инфекционисі Жұмабек Дәулетов, облыстық кардиология орталығының хатшысы Елена Папузина, облыстық аурухананың дәрігері Ғадлет Сұлтанғалиев қайтыс болғаннан кейін "Құрмет" орденімен марапатталды, ал облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Алмагүл Демесінова қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы