Атырауда су полициясы тұрғындарды эвакуациялауға жәрдемдесуде

Қызылқоға ауданында тасқын су айналма жолды шайып кетіп, бір шақырымнан астам қашықтықта жол қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скриншот 2 Сәуір 2024 2024, 13:44
2 Сәуір 2024 2024, 13:44
840
Фото: скриншот

Қызылқоға ауданында тасқын су айналма жолды шайып кетіп, бір шақырымнан астам қашықтықта жол қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметіне сәйкес қазіргі таңда су полициясының қызметкерлері ауданға келген гуманитарлық көмекті моторлы қайықпен жеткізіп жатыр. 

Сондай-ақ Тайсойған ауылынан 100-ден астам тұрғын моторлы қайықтардың көмегімен эвакуацияланды. Таңнан бері Көздіқара елді мекенінен тағы 30-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге жеткізілді, - делінген хабарламада.

Наверх