Атырауда сот судьясы парамен ұсталды

2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 архив 17 Қаңтар 2024 2024, 01:15
17 Қаңтар 2024 2024, 01:15
1136
Фото: архив

2024 жылғы 10 қаңтарда Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясына іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтық іс-әрекетке барған судья Қылмыс кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, яғни алаяқтық іс-әрекеті үшін айыпталып отыр.

Материал сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің қызметкерлері сот әкімшілігі департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып, 15 қаңтарда судьяны 2,5 млн теңгені алу кезінде парамен ұстады, – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта екі ведомствоның бірлескен іс-әрекетімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Наверх