Атырауда Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі басталды

5 Сәуір 2023, 18:24
684
Бөлісу:
Атырауда Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі басталды
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Көрмеде Қазақстан, Австрия, Германия, Қытай, Нидерланды, БАӘ, Ресей және Түркияның мұнай-газ саласынан 86 компания өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты.

Аталған көрмеге 34 компания алғаш рет қатысып отыр. «Atyrau Oil&Gas» көрмесіне елімізден 58 компания қатысса, оның 18-і Атыраудан.

«Atyrau Oil&Gas» көрмесі - көп жылдан бері нарықтағы мұнай-газ секторы мамандарының басын тоғыстырған алаң. Бұл - мұнай және газ өндіру, мұнай-газ жабдықтарын өндіру және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жаңа әріптестік жобаларды іздеу орны. Өйткені мұнда қазақстандық және шетелдік сала мамандары мұнай-газ саласын дамытудың түрлі бағытын және қазіргі заманғы технологияларын ұсынады.

Атырауда Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі басталды

Дәстүр бойынша мұнай-газ өндіруші компаниялар, мұнай-газ жабдықтарын өндірушілер, жеке және өнеркәсіптік қорғау құралдарын өндірушілер, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика өндірушілері өнімдерін ұсынады.

Аталған көрме 5-7 сәуір аралығында өтеді.
 

Өзгелердің жаңалығы