Атырауда сирек кездесетін ауру түрлері анықталды

26 Қараша 2019, 21:52
3305
Бөлісу:
Атырауда сирек кездесетін ауру түрлері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы Атырау облысының 9 шалғай бекетінің тұрғындарына тегін медициналық-консультациялық көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта медициналық пойыз Маңғыстау облысының елді мекендері бойынша өз бағдарын жалғастырып келеді, пойыз қызметіне 15 шалғай бекет тұрғындары жүгінді.

"Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы жұмыс барысында дәрігерлер шұғыл жағдайлармен де кездескен.

Бізге келген 2002 жылы туған науқаста менингитке күдік болды, біз шұғыл түрде жедел жәрдем шақырып, науқасты ауруханаға жатқыздық. Сосын егде жастағы ер адам келді, оған созылмалы пиолонефрит диагнозының ауыр түрі қойылып, ол кісі де ауруханаға жатқызылды,- дейді "Жәрдем" Медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева.

Сирек кездесетін аурулардан дәрігерлер Меньер ауруы, монорхизм, бүйректің коралл тәрізді тасы, терминалды гидронефроз, туа біткен МПС аномалиялары, гидронефроз, сондай-ақ крипторхизм және гипоплазирленген бүйрек ауруларын анықтаған.

Қазақстанның әр аймағында дәрігерлер нақты проблемалық аймақтарды анықтап жатыр, бұл жолы ең көп таралған аурулардың қатарында – созылмалы пиелонефрит, бронхит, артериялық гипертензия, қант диабеті, остеохондроз, аллергиялық ринит, есту қабілетінің төмендеуі, жатырдың түсуі, эрозия, кольпит және бронх демікпесі бар. Балаларда ЖРВИ, ауыр бронхит және отит, аллергиялық дерматит жиі кездеседі.

Мамандарынан тұрғындарға тұрақты түрде тексерістен өтіп тұрудың маңыздылығын үнемі ескертіп келеді. "Жәрдем" медициналық пойызы "Денсаулық" пойызымен бірге бүгінгі күнге дейін еліміздің 60 000 тұрғынын тексерістен өткізген.

Өзгелердің жаңалығы