Мамандар Атыраудағы "қара түтінді" ұшаққа қатысты пікір білдірді

22 Шілде 2020, 13:16
1279
Бөлісу:
Мамандар Атыраудағы "қара түтінді" ұшаққа қатысты пікір білдірді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Авиация мамандары бұл жағдайға қатысты пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникация қызметі.

Әлеуметтік желілерде Атырау әуежайынан ұшқан әуе кемесінің видеосы жарияланған болатын. Онда ұшақтан шыққан қара түтінді байқауға болады. Жергілікті әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің бастығы Андрей Кимнің айтуынша, кеше түстен кейін әуежайдан АН-12 жүк ұшағы ұшқан.

Ұшу режимінде қоспаның әдеттегі байытылуы болып, содан шығарынды пайда болған. Бұл - қалыпты жағдай. Кеңестік өндірістің барлық дерлік ұшағы осындай әсер береді. Ұшақ биіктіктегі номиналды режимге түскеннен кейін қара түтін жоғалады. Сондықтан алаңдайтын себеп жоқ, - деді Андрей Ким.

Өзгелердің жаңалығы