Атырауда сайлау учаскелерінде концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар ұйымдастырылды

19 Наурыз 2023, 18:13
773
Бөлісу:
Атырауда сайлау учаскелерінде концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар ұйымдастырылды
VIDEO
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырауда сайлау учаскелерінде келушілер үшін концерттік бағдарлама мен спорттық ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болып отыр. Аталған шаралар Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер Академиясы, Облыстық халық шығармашылығы орталығы және «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратында өтуде. Өнерпаздар Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы, Н.Нұрпейісова атындағы ұлт-аспаптар оркестрі,  Облыстық халық шығармашылығы орталығы және Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер Академиясының қызметкерлері мен оқушылары.

Қала тұрғыны Жәнібек Жәмиев сайлауға келіп, концерттік бағдарламаны тамашалады.  

Өкпесін өміріне ұластырмай өмірін өнегемен жалғаған қаймана қазақтың бір-бірін мынау менің туғаным, мынау менің туысым деп іздеп төс қағыстыра  тойлайтын мерекесі – Наурыз ұлттық мерекесі құтты болсын! Наурызбен бірге тұспа-тұс келіп жатқан бүгінгі сайлау Атырау қаласында жоғары деңгейде өтуде. Барша Атырау тұрғындарын дауыс беруге шақырамыз, - деді Ж.Жәмиев. 

Концерттік бағдарламада ән айтылып, күй тартылумен қатар, ата дәстүр ұлықталып, түрлі спорттық ойындардан жарыстар өтті. Ұлттық киімдегі қыз-жігіттер мерекені тамашалауға келген көпшілікке наурыз көже мен тәтті тоқаштар ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы