Бұл туралы «Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Аронов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елімізде 25 қазан - Республика күні тойланады. Осыған орай атыраулықтарды қала және шаһар маңындағы елді мекендердегі барлық қоғамдық көлік тегін қатынайды.
Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан қала тұрғындары мен қонақтарының бәрі пайдалана алады.