Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда үш жүзден аса отбасыға құрбандыққа шалынған мал еті таратылуда, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Құрбандық еті әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жеткізілуде. Оған Атырау волонтерлар штабынан елу ерікті мен автоволонтер жұмылдырылған. Волонтерлар штабының мүшелері етті бөлуден бастап, мұқтаж отбасылардың үйіне жеткізуге дейін атсалысады.
Бүгін біз құрбандыққа шалынған мал еттерін көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратып жатырмыз. Айт күнгі ізгі ниеттер қабыл болсын. Бірлігіміз арта берсін, - деді облыстық волонтерлар штабының мүшесі Әділхан Сәрсенов.