Атырауда құтқару жұмыстары кезінде құтқарушы жігіт көз жұмды

30 Мамыр 2024, 07:15
2162
Бөлісу:
Атырауда құтқару жұмыстары кезінде құтқарушы жігіт көз жұмды
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырауда су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары кезінде 23 жастағы азамат қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 23 жастағы азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Рақым Бейбарыс 2001 жылы Атырау қаласында туған. Азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан бастап қызмет етті. Осы қысқа уақыт ішінде бірнеше ірі, күрделі өрттерге қатысып, адам өмірін, мүлкін құтқаруда, қорғауда бар күш-жігерін салып, халық алғысына да бөленген.

Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары мен жары қалды.

Өзгелердің жаңалығы