Құрылысы 2011 жылы басталып, кейін тоқтап қалған Атырау қаласындағы концерт залы мен монша кешенінің ғимараты ақыры сүрілетін болды. Бірақ дәл сол жерге концерт залы қайта салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыстық құрылыс басқармасы мамандарының мәліметінше, концерт залы мен монша кешінінің жер телімі біріктіріледі. Бөлек тұрған қос ғимарат бұзылып, оның орнына 1200 орындық концерт залы және тарихи-өлкетану музейі болатын бір ғимарат салынады.
Жобаның сметалық құжаттамасын байқауды мемлекеттік сатып алу тәсілімен ұтып алған «Инжиниринг лтд» ЖШС жасап жатыр. Оған жергілікті бюджеттен 133,6 млн теңге бөлінген. Бөлінген қаражатқа ең алдымен ғимаратты бұзу, оның ішінде жарамды жабдықтардың бар-жоғын анықтау, сондай-ақ орнына салынатын нысанның жобалық-сметалық құжатын жасау жұмыстары жүргізіледі. Сметалық құжатты «Инжиниринг лтд» ЖШС жасап жатыр.
Жобалаудың өзі биылғы жылдың үшінші тоқсанында аяқталады. Ал жалпы құрылысын осы 2024 жылы бастау жоспарда. Қолданысқа шамамен 2026 жылы беріледі,-дейді Облыстық құрылыс сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау сметалық құжаттама жасақтау бөлімінің басшысы Күлән Құлбаева.
2013 жылы КазНИССА институты нысанға толық сараптама жүргізген. Нәтижесі ғимараттың темірбетон конструкциялары әбден ескіргенін көрсетті.
Өңірде бірінен соң бірі ауысқан Б.Ізмұхамбетов, Н.Ноғаев, Махамбет Досмұхамбетов сынды әкімдер нысанды қайта қолға алып қолданысқа тапсыра алмады.
Бұрынғы тұрған ғимарат бұзылып, оның орнына концертный зал етіп қайта салуды жоспарлап отырмыз. Монша кешені де бұзылады. Жұмысты инвесторлардың көмегімен жүргіземіз,-деді әкім орынбасары Қайрат Нұртаев.