Атырауда құны 900 мың теңге акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді

29 Маусым 2022, 21:20
2111
Бөлісу:
Атырауда құны 900 мың теңге акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарлады.

Атырауда құны 900 мың теңге акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді

 Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 2022 жылдың маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 3 жеке тұлға бойынша келесідей бұзушылықтар анықталды:

 1) 1520 бөтелке алкоголь өнімдерін заңсыз жолмен сату (бағасы 418 мың теңге);

 2) 2000 литр дизельдік отынды заңсыз жолмен сату (бағасы 320 мың теңге);

 3) 260 пачка Bond және LM темекі өнімдерін заңсыз жолмен сату фактілері анықталды (бағасы 154,6 мың теңге).

Іс материалдары Атырау қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылыктар жөніндегі мамандандырылған сотқа жолданды.

Алдағы уақытта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралары жалғастырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы