Ол алаяқтық және сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ azh.kz.-ке сілтеме жасап.
"Қазақстан Теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ филиалының директоры Елеубай Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы кәсіпкердің 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінді, - Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.