Атырауда қос азаматтығын жасырған тұлға айыппұл төледі

5 Қазан 2024, 06:43
349
Бөлісу:
Атырауда қос азаматтығын жасырған тұлға айыппұл төледі
Фото: baq.kz

Атырау облыстық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері жүргізген тексеру барысында қос азаматтық фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақжайық кз. жазуынша, құқық бұзушы 47 жастағы Құрманғазы ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының азаматы болып шықты.

Ол Қазақстан Республикасының тумасы және 2002 жылы алғаш рет Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеген. Алайда, 2023 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, сол жылы шілде айында Ресей азаматтығын куәландыратын құжаттарын алған. Анықталған ер адамға қатысты ҚР азаматтық туралы заңнамасын бұзу, яғни ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Құрманғазы аудандық сотына жолданды. Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 140 айлық есептік көрсеткіш, яғни 516 880 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.

Сонымен қатар, аталған дерек негізінде 47 жастағы азаматтың Қазақстан азаматтығынан айырылуы тіркеліп, мәліметтер тиісті ақпараттық жүйелерге енгізілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырауда қос азаматтығы бар 17 тұлға анықталды. Сот шешімімен 15 тұлғаға айыппұл салынса, 2 тұлға ҚР аумағынан әкімшілік жолмен шығарылған. Бұл тұлғаларға Қазақстан аумағына бес жылға дейін кіруге тыйым салынды

Қазақстан заңнамасы бойынша қос азаматтыққа тыйым салынған. Қазақстан азаматтығын алған тұлғалар 30 күн ішінде бұрынғы елінің паспортын тапсыруға міндетті. Бұл талаптар басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған Қазақстан азаматтарына да қатысты.

Өзгелердің жаңалығы