Атырауда «Қайтпай Сұлтан» атына мешіт ашылды

14 Қазан 2022, 18:13
1859
Бөлісу:
Атырауда «Қайтпай Сұлтан» атына мешіт ашылды
PHOTO
Фото: автордан

«Қайтпай Сұлтан» атындағы мешіт Еркінқала ауылдық округінде орналасқан. Алла үйінің салтанатты ашылуына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров қатысты, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Жиынға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жиналды. Шарада сөз сөйлеген Ершат Ағыбайұлы жергілікті жұртты құлшылық үйінің ашылуымен құттықтады.

 Мешіт имандылық пен мейірімділіктің, руханияттың ордасы. Бұл жерден иманды, білімді, патриот жастардың көптеп шығуына тілектестік білдіреміз. Ғибадат үйінің көркі жамағатта болмақ. Сондықтан жамағаттың бірлігіне, бауырмашылдығына, қызмет ететін құлшылық үй құтты болсын,- деді Е.Оңғаров.

Атырауда «Қайтпай Сұлтан» атына мешіт ашылды

Мешіттің іргетасын 2021 жылдың 23 ші ақпанында ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз қолымен қалаған. Нысан демеушілер қаржысына салыныпты. Алла үйі 850 адамға шақталған. Жаңа мешітке бас имам болып Ажок Сәрсекеев тағайындалды. «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ-ді тәмамдаған ол, бұған дейін Жылыой ауданы мешіттерінде наиб имам болып қызмет атқарған.

Өзгелердің жаңалығы