Атырауда полицияға күш көрсеткен 100-ден астам адам ұсталды

8 Қаңтар 2022, 16:35
2816
Бөлісу:
Атырауда полицияға күш көрсеткен 100-ден астам адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының коменданты-облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалевтің айтуынша, Атырау қаласының кіреберісіне 4 блокпост қойылған.

Заңсыз митингке қатысушылардың бұзақылық әрекеттерінен облыстық әкімдіктің ғимараты бүлінді. Сондай-ақ полицияның 7 көлігі жарамсыз болып қалған. Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде 36 полицей әртүрлі дене жарақатын алды. Заңсыз әрекеттер жасаған 104 адам ұсталды.

Өңірде Президенттің Жарлығымен Төтенше жағдай енгізілді. Өңірдің күштік құрылымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Комендаттық сағат талаптарын бұзған 13 адам жауапқа тартылды.

Өзгелердің жаңалығы