Атырауда полипропилен өндіретін кешен іске қосылды

9 Қараша 2022, 14:21
1481
Бөлісу:
Атырауда полипропилен өндіретін кешен іске қосылды
PHOTO
Фото: автордан

Орталық Азиядағы ең үлкен газ-химия кешені жылына 500 мың тонна полипропилен өндіруге қауқарлы. Кәсіпорынның арқасында облыстағы 600 ден астам азамат қызметке орналасты, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының сенімгерлік басқаруындағы кәсіпорынға қажетті шикізат Теңіз кенішінен теміржол арқылы тасымалданады. Ал өнімнің 10 пайызы ғана жергілікті сұранысты толық қамтуға жеткілікті. Қалған 90 % Қытай, Түркия, Шығыс және Орталық Еуропа мен ТМД елдеріне экспортталады. Зауыттағы дайын өнімді сақтайтын орын елдегі ең алып қойма. Көлемі 40 мың шаршы метр аумаққа 24 мың тонна полипропилен сыяды. 

 Зауыттың экологияға зияны жоқ. Өйткені ТШО кен орнынан пропан өте таза күйде келеді. Ондағы күкірттің құрамы өте төмен. Полипропиленнің де ешқандай зияны жоқ. Сол себепті зауыттың жергілікті өлкеге тигізер пайдасы көп деп ойлаймын,- дейді «KPI Inc» ЖШС Жобалау және құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Болат Әбдуәлиев. 

Атырауда полипропилен өндіретін кешен іске қосылды

Ірі өндіріс орнының басшылығы білікті кадрға да жағдай жасайды. Бұл өнеркәсіптің өркендеуі үшін аса маңызды деген пікірде. Сол себепті қаладағы су жаңа тұрғын-үйлердің бірінен бастапқы жарнасыз әрі пайызсыз пәтер беру жақын да ұйымдастырған. 

Мен бұл компанияда 2019 жылдан бері қызмет етемін. Жергілікті оқу орындарын аяқтап, көрші елдерде тәжірибе жинадым. Енді керемет кешеннен су жаңа пәтер алып жатырмын. Мұнда отбасыммен тұрамын. Пәтер үш бөлмелі. Бұл мен үшін үлкен қуаныш,-дейді қызметкерлердің бірі Дмитрий Горин.

Айта кетейік, зауыттың негізгі құрылысы 2018 жылы қолға алынған. Жобаның жалпы құны 2,6 млрд доллар. Құрылысқа барлығы 4 мың адам жұмылдырылған. 

Өзгелердің жаңалығы