Атырауда пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуда

31 Желтоқсан 2020, 09:10
1812
Бөлісу:
Атырауда пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 50-ші сессиясында айтылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


Атырау облысы мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллин 2020 жылы өткен сессияларда қаралып,​ оң шешімін тапқан мәселелерді атап өтті.
Биыл Атырау қаласында нақты мекен-жайлар бойынша жол салу, жаяу жүргіншілер өткелі, ауылдық жерлерге жіберілген медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 1 млн. теңге бөлу,​ тұрғын үй сертификаттарын көлемі мен алушылардың тізімі бекітілді. Сондай-ақ,​ ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп, пайдаланылмай немесе мақсатсыз пайдаланылып отырған жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары басталды. Бұдан бөлек, республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Атырау» мен «Атырау-Астрахань РФ» автомобиль жолдары құрылысы жүргізілуде, - деді Өмірзақ Зинуллин.

Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың 11 айында коммерциялық мақсатқа берілген 16 жер учаскесі пайдаланылмай бос жатуына байланысты,​ мемлекетке қайтарылған. Және есепті мерзімде аталмыш басқарма пайдаланылмай жатқан жерді қайтарып алу туралы сотқа барлығы 35​ талап арыз жолдаған.​

1 қарашаға күнгі ресми мәліметке сәйкес, Атырау облысында биыл​ ауылшаруашылығы мақсатындағы​ 273 800 гектар жер мемлекет меншігіне​ қайтарылды. Оған себеп учаске иелерінің жерді уақытылы игере алмауы. Және олардың арасында жерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарып бергендер де бар.​

Айта кетейік, жыл басынан бері өткізілген сессияларда 118 шешім қабылданған. Оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты - 17, облыстық бюджетті нақтылау бойынша​ – 6 шешім қабылданса, 57 шешім​ облыс әкімінің бастамасымен, 54-і мәслихат депутатарының бастамасымен, жетеуі тексеру комиссиясының ұсынуымен қабылданды.

Сонымен қатар, жиын барысында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мұнай саласының ардагері Мақсот Қилыбаевқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын табыс етті.

Еске сала​ кетелік, облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 9 желтоқсанда өткен сессиясында ардагер мұнайшы Мақсот Қилыбаевқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданған болатын.
Өзгелердің жаңалығы