Атырауда патрульдік полицейлер тұрғындарды жол қауіпсіздігіне шақыратын акция ұйымдастырды

<p style="text-align:justify;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Жолдардағы жол-көлік оқиғалары көп жағдайда жүргізушілердің саналылығына және сақтығына байланысты. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне әсер ету үшін Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері акция ұйымдастырды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.&nbsp;</p><p style="text-align:justify;">&nbsp;</p>

18 Маусым 2022 2022, 16:20
АВТОР
 18 Маусым 2022 2022, 16:20
18 Маусым 2022 2022, 16:20
1316

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолдардағы жол-көлік оқиғалары көп жағдайда жүргізушілердің саналылығына және сақтығына байланысты. Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібіне әсер ету үшін Атырауда патрульдік полиция қызметкерлері акция ұйымдастырды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қала орталығының көшелерінде қайғылы апат салдарының айқын көрінісі ретінде жол-көлік оқиғасына ұшыраған автомобильдерді эвакуаторларға салып жүріп өтті. Бұны көрген жүргізушілер осындай қайғылы оқиғаның әрқайсысымен орын алуы мүмкін екендігін түсінді.

Атырау жүргізушілері үшін бүтін автокөліктің орнындағы металл қирандысы барлық теориялық ескертулерден де айқын әрі дәлелді көрініс болды.

Наверх