Атырауда өрттен 45 адам эвакуацияланды

Атырауда құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 21 Қазан 2024 2024, 08:52
21 Қазан 2024 2024, 08:52
779
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Атырауда құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін таңертең Атырау қаласында болған.

9 қабатты тұрғын үйдің шатырында автокөлік шинасы жанды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей жедел түрде сөндірілді. Құтқарушылар 1942 жылы туған әжені таза ауаға шығарды. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

Белгілі болғандай, үйдің 45 тұрғыны, оның ішінде 12 бала алдын ала эвакуацияланды.

Наверх