Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеуге өтінімдер тіркеле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жылыой ауданында сорылған су көлемі 1,6 млн текше метрді құрады, жұмыстарға 3 мыңнан астам адам, 116 бірлік техника, 120 су айдау құралы жұмылдырылған.
1615 жеке үйден су кетті. Өткен тәулікте су кеткен 70 үйді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. 75 тұрғын үй электрмен жабдықтауға қосылды, 262 тұрғын үйде газбен жабдықтау жаңартылды. Су тасқынынан қаза тапқан ауыл шаруашылығы жануарлары үшін залалды өтеуге өтінімдерді тіркеу бойынша жұмыс басталды. Залалды бағалау және төлеу жөніндегі комиссия 2 432 өтініш қабылдады, нысандарды техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.