Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында ақпанның 1-12 аралығында 983 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
12 күнде облыста 983 медицина қызметкері екпе алды. Оның ішінде 273-і аудандық емдеу мекемелерінің қызметкерлері. Қалғандары қала аумағында екпе алғандар.Вакцина алған медицина мамандарының денсаулығы жақсы.
Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді.
Оқи отырыңыз: