Атырауда мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

11 Желтоқсан 2022, 16:11
1205
Бөлісу:
Атырауда мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталды

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары 1 қазанда басталып, 5 желтоқсанда мерзімінен кешігіп аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Оған бірнеше фактор әсер еткен. Соның ішінде ауа температурасының төмендігі де қолбайлау болыпты.

Жоспарлы жөндеу аяқталды. Қазір зауытта өндірілетін өнім көлемі артты. Біз қондырғыларды іске қосу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Бірқатар қондырғы ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп іске қосылды. Қысқа мерзім ішінде жанар-жағармайдың жоспарлы жөнелтілуін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылды. Мұндай тәсіл мұнай өнімдерінің үздіксіз өңделуіне мүмкіндік берген. Атырау мұнай өңдеу зауыты екі жыл бойы жоспарлы жөндеуге тұрмай, үздіксіз жұмыс істеді. Бастапқыда жөндеу жұмыстары 2021 жылдың күзіне жоспарланған. Бірақ мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында жөндеу жұмыстары 5 рет кейінге шегерілді, – деді «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Мұнай өңдеу, мұнай химиясы департаментінің директоры Дмитрий Макеев.

Өзгелердің жаңалығы