Атырауда коронавирустан емделіп шыққандар саны 72 пайызға жетті

4 Тамыз 2020, 22:05
992
Бөлісу:
Атырауда коронавирустан емделіп шыққандар саны 72 пайызға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шыққан.

Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10​ 383 науқастың бүгінде ​ 7458-і құлан таза сауығып шыққан, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. "Екінші толқынға" дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет. Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырауда 1170 инфекциялық кереует, 787 провизорлық кереует бар.
Өзгелердің жаңалығы