Атырауда көкөніс тапшылығы болмайды

27 Қаңтар 2023, 17:27
1040
Бөлісу:
Атырауда көкөніс тапшылығы болмайды

Жауапты тұлғалардың сөзінше қазір тұрақтандыру қорындағы картоп, пияз, сәбіз пен қырыққабаттың көлемі 1200 тоннадан асады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айына 4 мың тоннадай көкөніс тұтынатын өңір тұрғындарына тауардың 50-60% көрші облыстар мен шет елден жеткізіледі. Бұл туралы Хабар24 жазды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста аталмыш өнімдерге қатысты бағанының қымбаттауы байқалмаған. 

Тәжікстан, Пәкістан, Иран мемлекетімен, қазір сол жақтың жергілікті тауар өндірушілерімен тұрақтандыру қорының механизм шеңберінде өңірдің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін және қолжетімді бағада ұсыну үшін жаңа механизмдер іске асырылып жатыр. Сол механизм бойынша Атырау облысы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы келісімшарттар жасақтап, өңірде баға өскен фактілер анықталып немесе тапшылық болған жағдайда өзімізге қажетті көлемде жедел тасымалдау, - деді Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Жұмасейітов.

Өзгелердің жаңалығы