Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

6 Маусым 2025, 03:34
628
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Атырау қаласында жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz ресми порталы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласының 33 жастағы видеоблогері мен 39 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу деректеріне сәйкес, олар кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап етіп, қорқытып алған.

Тінту шаралары барысында күдіктілердің бірі полиция қызметкеріне күш қолданғаны анықталды. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің сәйкес баптары бойынша — бопсалау және билік өкіліне күш қолдану — бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеудің өзектілігіне байланысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы