Көпбалалы отбасыларға көміртегі тотығы бар детекторлар тегін орнатылады

24 Ақпан 2019, 13:34
1622
Бөлісу:
Көпбалалы отбасыларға көміртегі тотығы бар детекторлар тегін орнатылады

Астана, BAQ.KZ. Атырау облысында көпбалалы отбасылар үйіне 300 көміртегі тотығы бар детекторлар тегін орнатылады.

Бұл жұмыстар табиғи немесе көмірқышқыл газынан болатын апаттардың алдын алу үшін жасалады. 

Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Рашид Блялов ӨКҚ-де өткен брифинкте мәлімдеді, деп жазады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Спикердің айтуынша, 2018-2019 жылдардағы жылу беру кезеңінде көміртегі тотығы мен табиғи газдан улануының 2 оқиғасы тіркелді, нәтижесінде 1 адам қайтыс болып, екеуі жарақат алды. Бұл жағдай кәріздің бітелуінен туындаған.

«Апаттардың алдын алу үшін қала әкімдігі көміртегі тотығы детекторларын құру үшін қаражат бөледі. Яғни, мұндай детектор орнатқан үйлерде адамдар көміртегі тотығы немесе табиғи газдың улануынан өлмейді. Апат болған жағдайда құрылғы газды бірден тоқтатады. Орнату келесі аптада басталады», - деді Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшысы орынбасары Рашид Блялов.

Айта кетейік, 16 ақпанда мұнайлы өңірде тұрғын үй секторында өртке қарсы және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жедел штаб құрылды. Соңғы екі аптаның ішінде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 4 мыңға жуық тұрғын үймен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, пештер мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің талапқа сай емес 68 жағдайы анықталды.

Өзгелердің жаңалығы