Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Атырауда инвесторлардың құқығы қалпына келтірілді

Бүгiн, 20:46
193
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Атырау облысының прокуратурасы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА инвесторларының құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.

Осы жұмыс аясында Атырау облысының прокуратурасы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) аумағында жер учаскелерін бөлу кезінде туындаған проблемалық мәселені шешті.

Тізілімге енгізілген инвесторлар – «ИнтагоКазахстан» ЖШС, «TenizEcoService» ЖШС және «РГК-Каспий» ЖШС үшін өздерінің өндірістік объектілеріне қол жеткізу мүмкіндігі шектелгені анықталды.

Атап айтқанда, АЭА-ның бұрынғы қатысушыларының бірі жалпы кірме жол мен автотұрақ салу үшін жер учаскесін алған.

Алайда кейіннен ол басқа инвесторлардың өтуіне негізсіз кедергі келтіріп, бұл жобаларды іске асыру барысында елеулі ұйымдастырушылық қиындықтар туғызды.

Қадағалау актісін қарау нәтижесінде даулы жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Бұл үш адал инвестордың құқықтарын толық қалпына келтіруге және АЭА аумағындағы олардың қызметіне кедергі келтірген тосқауылдарды жоюға мүмкіндік берді.

Облыс прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы