Атырауда газдан уланған студенттер денсаулығына қауіп жоқ

24 Мамыр 2019, 21:40
2184
Бөлісу:
Атырауда газдан уланған студенттер денсаулығына қауіп жоқ

Атырау, BAQ.KZ тілшісі.  Атырау сервис колледжінде кеше 20 студент бұрышты газ баллоннан уланып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген болатын.

Оның 19 облыстық, біреуі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Қазір олардың жағдайлары жақсы. Тиісті ем-шара жасалған соң үйлеріне жіберілген. Оқиға орнында тексеріс жұмыстарын жүргізген полицейлер күдіктіні ұстады. Ол 17 жастағы осы оқу орнының студенті. Қазір оған қатысты ҚР «Қылмыстық кодексінің» бұзақылық бабы бойынша іс қозғалуда. 

Кешкілік облыстық ауруханаға улану белгілерімен тағы да 8 студент жеткізілген. Оқыс оқиға болған уақытта ешқандай жайсыздықты сезінбеген олар бірнеше сағаттан кейін өздерін жайсыз сезініп, үйлеріне жедел-жәрдем қызметкерлерін шақыртқан. 

«Ауруханаға жеткізілген жастардың барлығының тамақтары қыжылдап, жұтындырмаған. Бастары айналған. Соның ішінде төртеуінің жүрегі айнып, құсқан. Бәріне көмек көрсетілді. Бүгінгі жағдайда үйіне шығарылып жатыр. Ата-аналары келіп алып кетіп жатыр. Бүгінде жағдайлары өте жақсы», - дейді №2 Атырау облыстық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Дәулен Елеуов.

Атырауда 20 студент уланып қалғаны туралы біз осыған дейін де хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы