Атырауда есірткі қылмысына қатысты 25 дерек тіркелген

Атырауда есірткімен байланысты қылмыс азаймай отыр. Жергілікті полицейлер биыл жыл басынан бері 25 деректі анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 Ақпан 2024 2024, 12:14
АВТОР
 24 Ақпан 2024 2024, 12:14
24 Ақпан 2024 2024, 12:14
385

Атырауда есірткімен байланысты қылмыс азаймай отыр. Жергілікті полицейлер биыл жыл басынан бері 25 деректі анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілген.

«Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 25 қылмысты анықтады. Оның ішінде аса ірі мөлшердегі есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау және тасымалдауға байланысты 8 дерек бар. Ал, 10 дерек аса ірі мөлшердегі есірткі, психотропты заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сондай іс-әрекет қатысты болып отыр. Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотропты заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз жұмыс істеуге қатысты 7 дерек тіркелді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Наверх